21 шілдеге қараған түні Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында қайғылы жағдай тіркелді. Ер адамдар арасындағы тұрмыстық жанжал бір адамның өлімімен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға Заслонов көшесіндегі үйдің кіреберісінде болған.
Белгілі болғандай, жанжал кезінде ер адам танысына пышақпен шабуыл жасаған.
Жәбірленуші оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған болатын.