Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодарда ең үлкен кимешек рекордтар кітабына енді

19 Маусым 2025, 15:54
1092
Бөлісу:
VIDEO

Павлодарда ерекше рекорд орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қала орталығындағы жағалауда төрт метрлік кимешек инсталляциясы пайда болды. 

Кимешектің биіктігі 3 метр 80 см, алдыңғы жағы 2 м. 35 см, күміс және металл монеталармен әшекейленген. Бас киімді безендіруге інжу мен басқа да асыл тастарды қоса алғанда 2025 дана моншақ пайдаланылған. Бұл қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетін бейнелейді. 

Global BOOK of RECORDS/GbR халықаралық ұйымының өкілдері бұл алып бас киімді ресми түрде рекорд ретінде тіркеп, Дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізді.

Рекордтар кітабына енгізу шарасына кимешек киген екі жүзден астам әйел қатысты.

Ертеде кимешекті тек тұрмыстағы әйелдер киген. Төрт метрлік инсталляция идеясы дизайнер Гүлайым Акумбаеваға тиесілі. Ол архивтік эскиздер мен қазақ фольклоры, дәстүрлерін зерттеген. Бұл кимешек күміспен, тиындармен және екі мыңнан астам моншақпен көмкерілген. Бұл әйелдің, ана және ұрпақтар сабақтастығының өзіндік символы, – дейді "Қазақ аналары - дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айжан Апсаттарова.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ең ұзын лағман дайындалып, рекорд орнатылды. Сондай-ақ, қазақстандық алып күш иесі үш әлемдік рекордты жаңартты. 

Өзгелердің жаңалығы