Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы әкімінің кубогі үшін 10 команда бақ сынасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық Jaidarman лигасының өкілі Серікболсын Қинаятов облыс әкімінің кубогіне өңірдің Павлодар, Екібастұз және Ақсу командаларынан басқа Нұр-Сұлтан, Петропавл, Көкшетау және Семей қалаларының ұжымдары қатысатынын растады.
Ойын Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі. Көңілді тапқырлар клубының ойынына республикалық жоғары және премьер-лига командалары қатысады. Жүлде қоры – 1 000 000 теңге, - дейді Серікболсын Қинаятов.
Әділ қазылар алқасын "Қазақстан КТК одағы" республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен бастайды деп күтілуде. Павлодар облысы әкімінің кубогі 20 қарашада Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.