Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнде күдікті дәмханаға кіріп, сейфті бұзған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келесі күні таңертең ақша жоғалғанын байқаған мекеме әкімшілігі полицияға хабарлаған.
Әкімшілікте бұл ақша жұмысшылардың жалақысы екенін айтты. Арнайы іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдермен ақша қаражатын ұрлады деген күдікті анықталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы - «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында мән-жайлар мен себептер анықталады.