Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2 тамызда Павлодар қаласында сағат 09:50-де Баймолдин – Н.Назарбаев көшелерінің қиылысында "Лада Ларгус" және “Тойота-Камри" маркалы автокөліктердің соқтығысуы орын алды.
Одан әрі "Лада Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі қозғалысты жалғастырып, қоқыс контейнеріне соғылды, содан кейін "Ауди" және "Лада" автокөліктеріне соғылған. Кейін, қозғалысты жалғастырып, Совхозная 25/2 көшесіндегі үйдің қабырғасына соғылды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Лада Ларгус" автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. “Лада Ларгус" автокөлігінің үш жолаушысы дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Осы факт тіркелді, тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды.