Ертіс өңірінде «Бірлік-Единство.KZ» атты жастар форумы жұмысын бастады, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Басты мақсат – қоғамдық келісім мен бейбітшілікті нығайтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы арқылы бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау. Айта кетейік, бұл – өңірде осымен сегізінші рет ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі шара.
Бірлік – біздің ұлттық құндылығымыз. Бітұтас халқымыздың, біртұтас ұлтымыздың берік ұстынымымыз бұл. Қазіргі уақытта сын-қатірле кезеңде жастарымыздың бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыстары таң қаларлық. Белсенді жұмыстардың арқасында барша адамзат білдіктің құндылығын түсінеді. Бұл форум арқылы ортақ мақсаттырымызды пысықтап, бірлесіп жұмыс істеуге бағыт аламыз. Тәжірибелерімізбен бөлісуге де мүмкіндік туады, - дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова.
Жиналған жастар ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы қазақ тілінің мән-маңызына тоқталып өтті. Сөзден іске көшу үшін түрлі жобаларды қолға алған. Мәселен, Екібастұз қаласындағы №13 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгерім Шариғат республикалық байқауда «Қазақ тілін меңгеру бойынша үздік әдістеме» аталымы бойынша лауреат атанды. Жас маман «Тіл керуені» жобасын жүзеге асырып жатыр.
Курсым бойынша жүзден астам адам оқып шықты. Мемлекеттік тілдің ролі күшейіп келеді. Ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналып келеді. Бұл орайда тіл мамандарымен қатар тіл жанашырларын бірлесіп еңбек етуге шықарымн. Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілді меңгеруге азаматтарға көмектесу. Курс аясындағы сабақтар Достық үйінің жанында өтеді, - дейді Айгерім Шариғат.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық сыйлығының лауреаты Асқар Тасболат волонтерлік тәжірибесімен бөлісті. Павлодар мұнай-химия зауытының технологиялық құрылғылар операторы болып жұмыс істейтін ол биыл ерікті ретінде жұмыс істеп көрген. Маманның айтуынша, волонтерлік қозғалыс та халықты біріктерітен факторға айналуы тиіс.
Мектепте белсенді оқушы болдым. Түрлі шараларға қатысуды ұнатамын. Университетті тәмамдаған соң зауытқа жұмысқа орналастым. Бір жұмыспен шектелмей, жеке ісімді бастадым. Қала тұрғындарына түрлі қызметтер ұсынып жүрдік. Күндердің күнінде әлеуметтік желіге мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету туралы хабарлама түсті. Бұл туралы достарыма айтып, қолдауларын өтіндім. Осылайша, қаражат жинап, 250 балаға Жаңа жылдық сыйлық жасадық. Тартуларымызды үйлеріне апарып, құттықтаулар тараттық. Жұмысымыз осылайша жалғаса берді, - дейді Асқар Тасболат.
Форум қатысушылары «Мемлекеттік тіл - халық бірлігінің негізі» «ҚХА қызметіндегі медиация және волонтерлік», «Медиакеңістік: заманауи үдерістер мен технологиялар» секциялары бойынша жұмыстарын жалғастырды.