Павлодарда бір аптада дәрі-дәрмекті алып-сатудың 20 фактісі анықталды

15 Шілде 2020, 03:35
1345
Бөлісу:
Павлодарда бір аптада дәрі-дәрмекті алып-сатудың 20 фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша әлеуметтік желілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, барлық құқық бұзушылықтар 6-11 шілде аралығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталған.

Барлық факті бойынша материалдар жиналып, Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.  Аталған фактілерге қатысты құқықтық баға еліміздің заңнамасына сәйкес берілетін болады, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Алынған дәрілік препараттар пациенттерді емдеуде одан әрі пайдалану мақсатында тиісті органдарға беріледі.

Тәртіп сақшылары азаматтар дәрі-дәрмектердің бағасын көтерудің негізсіз фактілерін анықтаған жағдайда "102" телефоны бойынша полицияға хабарласу керектігін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы