Павлодарда белгісіз біреулер құбырларды ұрлап кеткен

26 Желтоқсан 2021, 19:46
1211
Бөлісу:
Павлодарда белгісіз біреулер  құбырларды ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Құрылыс - монтаждау жұмыстары жүргізілген нысанның күзетілмегенін пайдаланып, белгісіз біреулер пластикалық құбырларды ұрлап кеткен, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Ұрлық фактісі бойынша аталған ЖШС өкілдері полицияға жүгінді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл құбырлар Қазақстандық правда көшесі, 2 «а»  мекенжайындағы объектіге әкелінгені анықталды, ол қоршалмаған, күзетілмейтін учаске болып табылады. ЖШС мүлкін ұрлау аса қиын болған жоқ, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Тергеу барысында қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға мүліктерін қорғау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды,  объектілерге қоршау орнатып, күзет қызметінің болуы туралы  ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы