Павлодар облысының прокуратурасы егу науқанын жүргізу заңдылығына медициналық ұйымдарды тексереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21 млн. астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды.
Атап айтқанда, Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген. Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған, - делінген прокуратура таратқан хабарламада.
Тексеріс барысында кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды.
Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды.