Павлодарда бала ойын алаңындағы металл сақинаға қысылып қалды

Павлодарда Төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

 видеодан кадр 3 Маусым 2024 2024, 21:45
3 Маусым 2024 2024, 21:45
676
Фото: видеодан кадр

Павлодарда Төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қаладағы ойын алаңындарының біріндегі металл сақинаға бала тұрып қалды.

Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен сақинаны тістеп алып, баланы шығарып алды.

Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Наверх