Павлодарда әйел 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін сағат 13:00 шамасында өтіп бара жатқан куәгерден шұғыл қоңырау түскен. Хабарламада Нұрмағамбетова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткені айтылған.
Оқиға орнына небәрі 6 минут ішінде үш жедел жәрдем бригадасы жетті.
Қазіргі кезде екі бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Әйел қалалық №1 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиғаға байланысты аймақтық полиция департаментінің ресми түсіндірмесі күтілуде.