Павлодарда автомобиль жөндеу жүріп жатқан трамвай жолына шығып кетті

11 Қыркүйек 2021, 14:28
2612
Бөлісу:
Павлодарда автомобиль жөндеу жүріп жатқан трамвай жолына шығып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға орнынан түсірілген сурет әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ломов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған. Аталған учаскеде жаңа трамвай тармағының құрылысы жүріп жатыр. LADA Vesta көлігін 1995 жылғы қыз басқарған. Жүргізуші мамандар асфальтты ашып, трамвай желісін сала бастаған жерге кіріп кеткен.


Оңға бұрылған кезде жарық көрсеткішін қоспаған, салдарынан қоршауды байқамай қалып, турникетке кіріп кеткен. Оқиға апат ретінде тіркелмеді, өйткені ештеңе зақымдалмады және ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігіне сәйкес - маневр жасау ережелерін бұзу бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деді департаментте.
Еске сала кетейік, Ломов көшесінен оңға қарай саяжай шағын ауданына трамвай жолын салу басталған болатын. Сондай-ақ жолдардағы жөндеу жұмыстарына байланысты Назарбаев даңғылы мен Ломов көшесінің қиылысындағы трамвай өткелі уақытша жабылды. Жұмыстарды 2-3 апта ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы