Павлодарда әскерге шақырылған екі жігіт қашып кетті

4 Мамыр 2021, 00:27
1424
Бөлісу:
Павлодарда әскерге шақырылған екі жігіт қашып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда әскерге шақырылған екі жігіт әкімдіктің облыстық жиналу пунктінің үшінші қабат терзесінен секіріп кетті, олардың біреуі қашып үлгерген.

Әскери міндеттілер – Павлодар облысында тұратын 1998 жылы туған Құлниязов Мұхамедкәрім Қайратұлы және 2001 жылы туған Рүстем Русланұлы Назымбеков әскери қызметке шақырылған. Олардың әскери қызметтен босатудың заңды негіздері болған жоқ. 2021 жылы 2 мамырда Павлодар облысы әкімдігінің аймақтық жиналу пунктінің ғимаратында болып, олар үшінші қабаттан секіріп, сол жерден заңсыз шығып кеткен, – деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оларға 1000 АЕК-ке дейін айыппұл (2 917 000 теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе төрт жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.



Өзгелердің жаңалығы