Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада барлығы 500 мың гүл отырғызылған. Алайда өңір үшін өте ыстық жазғы ауа-райы салдарынан өсімдіктер өлуде. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
«Дендра» ЖШС директоры Руза Хамитованың айтуынша, қалалық гүлзарлар тәулік бойы суарылады.
«Суарып болғанымызға екі сағат қана уақыт өткенде жер ысып тұрады. Біз түнде екінші рет суаруға мәжбүрміз. Күн сайын қурап қалған гүлдерді тазалаймыз. Біз гүлзарларды жөндеумен және арам шөптерден тазартумен тұрақты түрде айналысамыз», - дейді Руза Хамитова.
Серіктестік басшысы гүлдерді ауыстырған кезде гүлзарлардағы композиция сақталатынын айтты.
Температураның жоғары болуына байланысты мердігер гүлзарларды екі ауысыммен суарады: күндізгісі таңертеңгі сағат 7-ден 10-ға дейін, түнде – 3-тен 8-ге дейін.
Руза Хамитованың айтуынша, ең ыстыққа төзімді өсімдіктер - цинерариялар мен тегетестер. Соңғысы Германиядан әкелінді. Тагетес тұқымдар бермейтіндіктен оларды үнемі сатып алады. Жалпы Павлодарда 50-ге жуық түрі отырғызылды. Олардың 20-сы шұғыл континенталды климатқа төзімді.
Күн сайын гүлзарларда арам шөптерді 15 жұмысшы жұлады. Шілдеде студенттер де жұмыс істеді. Гүлзарларды мамырдың алтысынан жасай бастады. Осы уақыт ішінде ұйым 500 мың гүл отырғызды.
Ыстыққа төзімділігі нашар болғанына қарамастан, көптеген гүлдер жергілікті климатқа бейімделген. Белгілі болғандай, олар минус үш градусқа дейін ауа температурасына төтеп бере алады.