Павлодарда қант диабетіне шалдыққандардың саны 21 мыңнан асты

25 Қараша 2019, 15:00
1931
Бөлісу:
Павлодарда қант диабетіне шалдыққандардың саны 21 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы енгізілетін МӘМС жүйесі мемлекет тарапынан қант диабетін ақысыз емдеуді жалғастырады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, ағымдағы жылдың басында облысымызда 19069 адам диспансерлік есепте тұрса, жыл соңында бұл көрсеткіш 2149 адамға артқан.
Қазақстанда қант диабеті тегін емделеді. Тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №666 бұйрығына сәйкес, қант диабетімен ауыратын азаматтарға 30-дан астам дәрі-дәрмек және медициналық құралдар, оның ішінде шприцтерге инелер, бір реттік инсулин инелері, тест жолақтары, резервуарлар және тағы басқа препараттарды беру қарастырылған. 2020 жылы енгізілетін МӘМС жүйесі қант диабетін ақысыз емдеуге арналған мемлекеттік кепілдікті жоймайды. Сонымен бірге, қант диабеті науқастарға олардың жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін ауруларды басқару бағдарламасының бір бөлігі саналады, - деді Айдар Сейітқазинов.  

Қант диабеті әлемде ең көп таралған эндокринологиялық ауру болып табылады және оның дамуы ағзадағы көмірсулар алмасуының бұзылысымен байланысты. Диабет ағза қандағы қант деңгейін көтере алмағанда пайда болады. Қан қоюланып, уақыт өте келе инфаркт, инсульт, соқырлық және аяқ гангренасына шалдықтыруы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қазіргі уақытта әлемде 422 миллионға жуық диабетик тіркелген. Алайда диабеттің денсаулыққа төндіретін күрделі қаупіне қарамастан, диабетиктердің жартысына жуығы өз аурулары туралы мүлдем білмей жатады.

Диабеттің негізгі деген төрт түрі бар: бірінші және екінші типтегі созылмалы диабет, гестациондық диабет және сусамырдың өзге формалары. Гестациондық диабетке кейбір жүкті әйелдер шалдығуы мүмкін. Ол жүктілік немесе босану кезінде қиындықтар тудырып, екінші типтегі диабетке ұласып кетеді. Ал, бірінші типтегі диабетте организмді ұйқы безіндегі зақымданбаған жасушалар шабуылдай бастайды. Салдарынан инсулин тиісінше бөлінбей, науқас қандағы қант мөлшерін үнемі тексеріп, инсулин егіп жүруге мәжбүр болады. Керісінше қант аз болса, оны шырынмен немесе мұзкәмпитпен көтеру қажет.

Статистикаға сүйенсек, әдетте диабеттің бұл түрі балалар мен жасөспірімдер арасында кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы