Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Естай атындағы мәдениет сарайында Тілдер күнін мерекелеу аясында «Аnа tili» мобильдік қосымшасының тұсаукесері өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
Интерактивті сабаққа 800 шақты адам келді. «Ана тілі» тіл орталығының директоры Шолпан Кинжикова Павлодар қаласының мәдениет бөлімінің өтініші бойынша жаңа мобильді қосымша арқылы «Тіл – рухани жаңғыру» Тілдер фестивалінің барлық қатысушыларын қазақ тілін оқыту әдістемесімен таныстырды.
«Аnа tili» қосымшасы арқылы кез келген жастағы адам оқу мүмкіндігіне ие болады. Ол қазақ тілін кириллицада ғана емес, латын әліпбиінде де үйренуге арналған. Мұндай мобильді қосымша - бұл біздің қазақ тілінің латын қарпіне деген көзқарасымыздың көрінісі, осы бағытқа жаңа көзқарас», - деп түсіндірді орталық директоры.
Маманның айтуынша, «Аna tili» интерактивті оқытуды, автормен міндетті байланысты көздейді.
«Осының бәрі латын әліпбиін пайдаланудың практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған. Қазір оған 300-ден астам адам қол қойды. Ол латын әліпбиі мен кириллица негізінде қазақ тілін үйрену аясында бренд бола алады. Android және IPhone App Store Play Market арқылы жүктеу оңай!» - дейді автор.
Бұған дейін Павлодарда аймақтық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы жариялаған тілдердің онкүндігінің қорытындысы шығарылды. Қазақстан халқы тілдерінің XXI республикалық фестивалі аясында облыс орталығында «Тіл - рухани жаңғыру механизмдері» фестивалі өткен болатын.