Павлодарда алименті 1 млн теңгеге жуықтағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ

28 Тамыз 2021, 23:25
2299
Бөлісу:
Павлодарда алименті 1 млн теңгеге жуықтағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияға екі павлодарлыққа қатысты жеке сот орындаушыларынан қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдар келіп түсті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, ер адамдар ұзақ уақыт бойы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеу міндетін атқармаған.

Бірінші жағдайда 1974 жылы туған ер адам 2013 жылдан бастап алимент төлеуден жалтарған. Сомасы қомақты, шамамен 1 миллион теңге. Бұған дейін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Сондай-ақ оған жұмысқа орналасу мәселесін шешу үшін Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына бірнеше рет хабарлама берілді. Алайда, ер адам ешқайда жүгінбеді және жұмыс істемеді, - деді департаментте.
Ал, екінші жағдайда 1993 жылы туған ер адам 2014 жылдан бастап кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден жалтарған.
Ер адамның 1 миллион теңгеге жуық берешегі бар. Сот шешімінің орындалуы бойынша ҚР ӘҚБК 669-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Онда сот қаулысымен 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, - деді департаментте.

Ер адамдарға қатысты балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерді орындамау фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы