Павлодарда әлеуметтік маңыздағы көкөністердің бағасы қатаң бақылауға алынды

14 Ақпан 2022, 17:25
1438
Бөлісу:
Павлодарда әлеуметтік маңыздағы көкөністердің бағасы қатаң бақылауға алынды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысындағы әлеуметтік дүкендердегі көкөністердің бағасы қатаң бақылауға алынды. 

Облыста картоп пен сәбіз - әлеуметтік маңыздағы көкөністердің қатарында. Сала мамандарының хабарлауынша, осы жылдың төрт айында арзандатылған көкөністің 36 мың тоннасы бөлінген. Осы күнге дейін бұл көлемнің 10%-ы саудаланған. Десе де, тәжірибе көрсеткендей,  тұрғындар бағасы сәл қымбаттау өнімді сатып алуды қалайды. Себебі, сапасы әлдеқайда жақсы. 

Облыс басшылығы бұдан былай ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімін дүкендерге жөнелту барысында бірден тексеруді қолға алмақ. Нарықтың сұранысы сондай.

Жергілікті тауар өндірушілер сапалы өнім тасымалдауға міндетті. Сондықтан, сапа тұрғындардың талабына сай болуы шарт. Шаруалар да бұны түсіну керек. Картоп пен сәбіз қоймалардан шығарылған кезде жақсы сапасына қол жеткізген абзал, - дейді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов. 

Айта кетейік, өңірде соңғы бірнеше күнде қырыққабаттың бағасы шарықтап кетті. Көкөніс келісінің бағасы кей дүкендерде 370 теңгеге жеткен. Өйткені, жергілікті тұрақтандыру қорында өнімнің бұл түрі сақталмаған.  Бұл тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды. 

Кей дүкендерде қырыққабат келісінің бағасы 280 теңге шамасында. Бұл - қоймаларда қалған өнім. Десе де, қаңтардың басынан бері баға шарықтап барады. Жыл басында сырттан әкелінген тауардың бағасы 240-250 теңге болса, қазір 300 теңгеге жеткенін көріп отырмыз, - деп түсіндірді облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы Талғат Доғалов. 

Алдағы уақытта жергілікті билік өкілдері Оңтүстік Қазақстан өңірлерінің шаруаларымен меморандумға қол қоймақ. Жаңа өнім шыққан кезде аймақтағы қырыққабат арзандайды. 

 

Өзгелердің жаңалығы