Павлодарда 800-ге жуық саяжай учаскесі тексерілді

16 Мамыр 2021, 15:14
1301
Бөлісу:
Павлодарда 800-ге жуық саяжай учаскесі тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері бау-бақша кооперативтері аумағында өрттің алдын алу мақсатында  рейд жүргізді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.


Рейд барысында 784 саяжай учаскесін аралап шығып, 1073 адам өрт қауіпсіздігі шараларымен таныстырылды, өртке қарсы тақырыпта 927 жадынама табыс етілді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өңір  тұрғындарына ормандарда, тұрғын үй секторында, бау-бақша учаскелері аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, - дейді ТЖД мемлекеттік өрт бақылау  басқармасының басшысы Қайрат Шаймарденов.

Облыстық ТЖД азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері ұйымдастырған рейдтік іс-шараларға жергілікті полиция қызметі, табиғатты қорғау инспекциясы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері  қатысты. 
Өзгелердің жаңалығы