Павлодарда 125 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды

26 Тамыз 2019, 12:00
1319
Бөлісу:
Павлодарда 125 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлордарда патрульдік полиция қызметкерлері бұрын жүргізуші куәлігінен мас күйінде жүргізгені үшін айырылған, бірақ рөлге қайта отыруға бел буған жүргізушілерді анықтау бойынша күн сайын рейдтік іс-шара жүргізеді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Мәселен, ағымдағы жылдың 24 тамызында сағат 04:50-де Екібастұз қаласында М.Әуезов - Әди Шаріпов көшелерінің қиылысында полицейлердің назарына «ВАЗ-21093» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі түсіп, ұсталды. Жүргізуші ұсталған кезде рөлде мас күйінде отырған. Құжаттарын тексеру кезінде оның 2018 жылдың қаңтар айында осы қылығы үшін ұсталып, 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Алайда, жүргізуші ол іс-әрекетін ескермеген» , - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ұсталған автокөлік тәркіленіп, айып тұрағына қойылды.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адаммен көлік құралын мас күйде басқару фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 1-бөлігі 346-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Енді ұсталған жүргізуші қайта сотты болады.

Өзгелердің жаңалығы