Павлодарда 1-сынып оқушысы мектепте марганец ерітіндісін ішіп қойған

8 Сәуір 2022, 12:46
1896
Бөлісу:
Павлодарда 1-сынып оқушысы мектепте марганец ерітіндісін ішіп қойған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы, яғни «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, наурыз айында қала мектептерінің бірінде қараусыз қалған 1-сынып оқушысы шкафты ашып, сол жерде тұрған калий пермаганатын  аузына  салған. 

Мектеп медбикесі жедел жәрдем қызметкерлері  келгенге дейін баланың аузын шая бастаған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем мамандары оқушыға  алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кәмелетке толмаған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

Полицейлер оқиғадан бірнеше күн бұрын осы сыныптың мұғалімі басқа оқушының аяғы мен қолындағы жараларды емдеу үшін мектептің медицина қызметкерінен калий перманганатын алғанын анықтады. Таңертең медбикеге бермек болып, асығыста калий перманганатының бөтелкесін жұмыс үстелінің шкафына салған, – деді департаментте.

Өзгелердің жаңалығы