Павлодар қаласында сегіз ескерткіш жөнделді

30 Мамыр 2022, 13:11
2263
Бөлісу:
Павлодар қаласында сегіз ескерткіш жөнделді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында биыл 10-ға жуық ескеркіш жөндеуден өтеді. Мамандардың айтуынша, нысандардың көбі қыстан соң жауын-шашын салдарынан сәл қирап қалған.

Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекованың айтуынша, әр жылдың көктемінде арнайы комиссия құрылып, облыс орталығындағы тарихи-мәдени мұра нысандарының жағдайын тексереді. 

Павлодар қаласында сегіз ескерткіш жөнделді

Бірнеше мемлекеттік мекеме мамандары ескерткіштердің түр-келбетін қарап шықты. Әр нысан бойынша актілер жасалды. Нәтижесінде олқылықтарды жою бойынша жұмыс жоспары құрылды. Осы көктемде сегіз ескерткіш жөнге келтірілді. Айналасындағы кеспетастар жаңартылып, абаттандырылды. Жалпы, бүгінде ескерткіштердің басым бөлігі жақсы жағдайда. Кем-кетіктер анықталса, бірден жөндеуге тырысамыз, - дейді Салтанат Әкімбекова.

Павлодар қаласында сегіз ескерткіш жөнделді

Тарқатып айтсақ, шаһарда 10 жыл бұрын ашылған Шоқан Уәлиханов пен Потанин ескерткіші, ашаршылық және аштық құрбандары ескерткіштері жөнге келді. Мамандардың айтуынша, мәрмәр тастар үгітіліп, кей бөлшектері қираған.

Айта кетейік, облыс орталығында мемлекеттің балансына жатқызылған 40-тан астам нысан бар. Олар жыл сайын біртіндеп жөнделіп келеді. Биыл ескерткіштерді жөндеу науқанына бюджеттен 10 млн теңге бөлінген. Жұмыстар мамыр айының соңында аяқталады.  

Өзгелердің жаңалығы