Павлодар әкімінің орынбасары орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін пара алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлім етті.
Биылғы жылдың 15 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында кәсіпкерден пара алды деген күдікпен жолдарды жөндеудегі бойынша мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті Павлодар қ. ПБ УҰИ-на қамауға алынды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - делінген хабарламада.