Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодар – Омбы тасжолында жол-көлік апаты: екі адам көз жұмды

Бүгiн, 17:25
132
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Павлодар – Омбы автожолында екі адамның өмірін қиған қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметке сәйкес, апат Бобровка ауылының маңында тіркелген. Көктайғақ салдарынан Toyota Vitz көлігі басқарудан шығып, қарсы қозғалыс жолағына өтіп кетіп, Hyundai Accent автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, екі көлікті де әйел адамдар басқарған. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі Тереңкөл аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, алған жарақаттарының салдарынан кейін қайтыс болды.

Сондай-ақ көліктердің біріндегі жолаушы әйел жарақат алып, облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға және, әсіресе қысқы қолайсыз ауа райы кезінде жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы