Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Ақылбекова Гүлнәр Бағадатқызының шешімімен Май ауданының Көктөбе және Кентүбек ауылдарының аумағында санитарлық бекеттер орнатылады.
Бұл шара тұрғындарының арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.
1. Май ауданының әкімдігі, Көктөбе және Кентүбек ауылдарының әкімдері, Май ауданының полиция бөлімінің басшысына, Май аудандық ауруханасы бас дәрігерінің м.а., COVID-19 коронавирустық инфекциясының эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына байланысты Май ауданы КВИ штабының шешімімен Көктөбе және Кеңтүбек ауылдарында санитарлық бекеттер орнатылсын:
1) санитарлық бекеттер арқылы 07: 00-ден 20: 00-ге дейін қозғалысты, соның ішінде жаяу жүруді шектеу (егер жұмыс берушінің мөрмен куәландырылған еркін нысандағы анықтамасы болса), төмендегілерді қоспағанда:
- ауылда тұрақты тұратын адамдардың кіруі;
- апаттық жағдайлар, медициналық қызметтер, құқық қорғау органдары, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, табиғатты қорғау, ветеринарлық қызметтер, жолдарды жөндеу қызметтері;
- тіршілікті қамту ұйымдарының қызметкерлері;
- еріп жүретін адамдарды қоса алғанда медициналық себептер бойынша шығатын және кіретін адамдар (жүргізушіні қосқанда 2-ден көп емес);
- карантиндік стационарларда емделген және бақыланған адамдар, оларды алып жүретін адамдармен бірге (жүргізушіні қосқанда 2-ден көп емес);
- ауданның экономикалық өмірін тамақ өнімдерімен, дәрі-дәрмектермен, тауарлармен, жабдықтармен және қатты, сұйық отынмен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету үшін тасымалдау көліктері;
2. Жеке тұлғалар:
1) бес жасқа толмаған балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, таксиде болған кезде медициналық немесе шүберек бетперделерді киюді (әр 2 сағат сайын ауыстырумен) .
2) объектілерге барғанда, сондай-ақ жұмыс орындарында келесілерді сақтау:
- қол алысуды болдырмау, адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қорғаныш бетперделерін дұрыс киюді қамтамасыз етуді;
- жеке гигиенаны сақтау (қолды жуғыш заттармен жуу, зарарсыздандыру құралдарын қолдану (қолға арналған антисептиктер), түшкіру және жөтел этикетін сақтауды;
3) 65 жастан асқан адамдар үшін көшеге шығуды шектеу (қажет жағдайларды қоспағанда);
4) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (мұрыннан су ағу, түшкіру, температура көтерілу), медициналық ұйымдарға бармай-ақ, жедел жәрдемді 103 және АА мобильді бригадасын шақыру арқылы дереу медициналық көмекке жүгініуді;
5) жерлеу шараларын өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты, бетперделік режимді сақтай отырып, 10 адамнан астам адамның жиналуына жол бермеуді;
6) ауыл ішінде 20:00-ден таңертеңгі сағат 07:00-ге дейін жүруге тыйым салуды.
Осы Қаулы 2021 жылдың 29 қаңтарында сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 12 ақпаны сағат 00:00 дейін күшіне енеді.