Павлодар облысының әкімі ұстаздарды дәрігерлерге қолдау көрсетуге шақырды

3 Шілде 2020, 01:27
1136
Бөлісу:
Павлодар облысының әкімі ұстаздарды дәрігерлерге қолдау көрсетуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдегі жоғары оқу орындарының ректорларымен кеңес өткізді. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.  

Павлодар облысының әкімі өңірдің жоғары оқу орындарының басшыларымен өткен онлайн-кеңесте жеке және ұжымдық денсаулықты қорғау және насихаттау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттілігі туралы мәлімдеді. 

Әбілқайыр Сқақов облыстың ғылыми қауымдастығын КВИ-дің таралуымен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмектесуге шақырды. Өңір басшысының айтуынша, дәрігерлер өте ауқымды жұмыс көлеміне қоса, кейбір жерлестердің түсініспеушілігіне, тіпті сынына тап болды. Дәрігерлердің кеңестерінің орнына адамдар көбінесе әлеуметтік желілердегі және жедел хабарлаушылардағы ақпаратқа сенеді, ал олардың көпшілігі жалған немесе арандатушылық болып жатады.

Облыс әкімінің айтуынша, ғылыми қауымдастық өкілдері медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесе алар еді.
Біздің стратегиялық мақсатымыз - облыстағы медициналық білім деңгейін арттыру. Жеке және ұжымдық денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бұрынғыдан да артық басымдыққа ие болды.  Ғылыми қауымдастық тысқары қалмауы керек, біздің ортақ міндетіміз - осы қиын уақытта дәрігерлерге қол ұшын созу, - деді университет ректорларына Әбілқайыр Сқақов.
Кездесуге қатысушылар әкімге қолдау білдіріп, медицина қызметкерлерін жан-жақты қолдауға және денсаулық, салауатты өмір салты және аурулардың алдын алу ісіне өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы