Облыс әкімдігінде өңірдегі жолдарды жөндеу мәселелері бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылы барлығы 136 жоба іске асырылуда, облыстық және аудандық маңызы бар 656 шақырым жолды, сондай-ақ, елді мекендердің көшелерін жөндеу жоспарлануда.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, мерзімдері бойынша артта қалушылық жоқ. Бүгінгі таңда 40 учаскеде жұмыстар толығымен аяқталды. Барлық қажетті инфрақұрылым бар, 23 асфальтбетон зауыты, 13 қиыршық тас өндіру карьері және 1 битум өндіру зауыты жұмыс істеуде.
Бақылауды жол активтері сапасының ұлттық орталығы жүзеге асырады. 2022-2023 жылдары жөнделген учаскелерден алынған 442 асфальт сынамасының 87-сі стандартқа сәйкес келмейтіні анықталды, сондай-ақ, әртүрлі дәрежедегі 286 ақау анықталды.
Асайын Байханов кепілдік міндеттемелер шеңберінде мердігерлерге барлық анықталған ақауларды қысқа мерзімде жоюды, ал, қалалар мен аудандардың әкімдеріне жол инфрақұрылымын жөндеу жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.