Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертіс ауданы экономика бөлімінің хабарлауынша, бұл - «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберіндегі жобалар, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
2020 жылы Амангелді ауылында ұзындығы 5,3 шақырым болатын су құбырлары желілері тартылды және 44 бақылау құдықтары орнатылды. Сонымен қатар, 70 үйдің 48-не тарату желісі қосылды. Бұл ауылда барлығы 317 адам тұрады, -делінген ақпаратта.
Желі Қоскөл ауылындағы үйлердің көпшілігіне қосылған. Мұндағы су құбыры 9,6 шақырымға созылады. Ұңғымалар бұрғыланды, бақылау құдықтары орнатылды.
350 адам тұратын Майқоңыр ауылында салынып жатқан су құбырының ұзындығы 11,6 шақырымды құрайды. Негізгі жұмыс өткен жылы аяқталды. Мердігер «Дәнекер» ЖШС барлық үш алаңға техникалар мен материалдар жеткізеді.
Осы үш жобаны жүзеге асырған кезде аудан ауылдарының жартысынан көбі орталық сумен қамтамасыз етіліп, ертістіктерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету 97%-ке жетеді.