Биыл Павлодар облысындағы ауылдарды сапалы ауызумен қамту көрсеткіші 99,3%-ға жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Күлбаршын Арынованың айтуынша, бүгінгі таңда өңірдегі 352 елді мекеннің басым бөлігі орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылған. Қалған 96 ауыл тұрғындары блок-модульдерді пайдалануда.
Үстіміздегі жылы 16 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде ауыл тұрғындарының сапалы суға қолжетімділігі айтарлықтай артады. Биыл бұл жобаларды іске асыруға 2,2 млрд.теңге бөлу қарастырылған. Бұл жобалар толық аяқталғанда көрсеткіш 100%-ға жетеді. Сонымен қатар, халық саны 50 адамға жетпейтін ауылдарда тиісті шараларды қолға алу керек. Атап айтқанда, Май ауданының бес ауылын топтық су құбырына қосу керек. Тереңкөл ауданының үш және Железин ауданының екі елді мекенінде тіршілік нәтір тазартатын модульдер орнату қажет, - дейді Күлбаршын Арынова.
Қала халқын сапалы сумен қамту мәселесі де назардан түспеген. Қазіргі уақытта қолжетімділік көрсеткіші 97%-ды құрап отыр. Биыл облыс шаһарларында алты жоба қолға алынған. Бұл игілікке мемлекет бюджетінен 5,3 млрд теңге бөлінген.
Алайда, көрсеткішті 100%-ға жеткізу қажет. Ол үшін Павлодар қаласының он шағын ауданындағы сумен қамту жүйелерін реттеу керек. Қазіргі уақытта жобалар әзірленіп жатыр. Жобалар мемлекеттік сараптамадан өткен соң салалық министрлікке қаражат бөлу бойынша қаржылық өтініштер жолданады. Жалпы, бұл мәселе жіті назарымызды, - дейді мамандар.