Павлодар облысында жылу маусымы аяқталды

29 Сәуір 2019, 19:07
2050
Бөлісу:
Павлодар облысында жылу маусымы аяқталды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде жылу беру маусымы ресми түрде аяқталды.

Облыс орталығын жылумен қамтитын кәсіпорын басшысы Сергей Панихиннің хабарлауынша, маусым кезінде ірі коммуналдық апаттар болған жоқ. Оқыс жағдайлар барысында желілердегі ақаулар тез арада жойылды.

«Жылу беру кезеңінде тұрғындар тарапынан 1200-ге жуық шағым түсті. Олардың барлығы жылудың жеткіліксіздігіне қатысты болды. Шағымдардың 161-і расталып, қызмет сапасын арттыру мақсатында тиісті шаралар қолға алынды. Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциясының мамандарымен бірлесіп, келер маусымға арналған жоспарларымызды әзірледік. Павлодар қаласындағы 39 көпқабатты үй бойынша прболемалар анықталды. Бұл үйлерде коммуналдық жүйелердегі жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген болып шықты. Жылу мусымы кезінде 339 ақау анықталды, олардың 329-ы кварталды желілерде болды. Бір сөзбен айтқанда, коммуналдық шаруашылықтағы желілердің 70%-ы тозған», - деді Сергей Панихин.

Мамандардың айтуынша, желілірдегі ақаулар металлдың тозуы, құбырлар жүктемесінің көптігі мен пайдалану мерзімінен асып кетуінен туындаған. Павлодар қаласындағы кей шағын аудандардағы жерасты суларының көтерілуі де жулы маусымын штатты режимде өткізуге кедергі болған.

Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары Нұрлан Рашитовтың мәліметінше, облыс орталығындағы көпқабатты үйлерді 130 басқару формасының ішіндегі 30 пәтер иелері кооперативінің жылу маусымына дайындығы небары 60-80%-ды құраған. Тағы 20 ПИК-нің әзірлігі 0%-дан 60%-ға дейінгі көрсеткші аралығында.

Келер жылу маусымына арналған дайындық жұмыстары гидравликалық сынақтан кейін басталмақ. Биылғы жазда құбырлардың 9,2 шақырым жөнделеді.

 


Өзгелердің жаңалығы