Павлодар облысында жүк таситын көліктер тексерілді

13 Шілде 2022, 19:03
1753
Бөлісу:
Павлодар облысында жүк таситын көліктер тексерілді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде жүк көліктері жиі қатынайтын жол учаскелерін тексерді. Рейд барысында жүк салмағын асырып жібергендер анықталды.

Павлодар облысы бойынша жол активтері мекемесінің мамандары «Қалқаман-Баянауыл», «Үміткер-Ботақара» және «Майқайың-Екібастұз» бағытындағы жолда рейд жүргізді. 

«Жаз уақытында жүк тасымалдаушы көліктерге салмақ бойынша шектеу қойылады. Көліктің бір осьіне сегіз тонна шақталған. Алайда, бұл ережені елемейтіндер көп. Жазғы уақытта, яғни, аптап ыстықты жүк тасымалданса, жол жабындысы бұзыла бастайды. Салдарынан ойдым-ойдым шұңқырлар, асфальттың қирауы пайда болады», - дейді мамандар.

Сала мамандары Баянауыл ауданының Майқайың кентінің маңындағы жолдарда рейд жүргізді. Себебі, бұл жерде қызу. Ал жақын маңда көмір және қиыршықтас кеніштері орналасқан. 

Рейд барысында бірнеше бұзушылық анықталды. Құрылыс материалдары мен көмір тасымалдайтын көлік иелерінде рұқста қағаздар болмай шықты. Нәтижесінде екі жүргізуші әкімшілік айыппұл арқалады. Одарға 40 және 20 АЕК көлемінде айыппұлдар салынды. 

Осы жылдың алты айында ереже бұзу бойынша 42 материал тіркелген. Нәтижесінде ірі габаритті көліктердің иелеріне 3,5 млн. теңгеге айыппұл салынды. Қазіргі уақытта бұл соманың басым бөлігі өңдірілді. 

Өзгелердің жаңалығы