Павлодар облысында жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Жол қозғалысын 2026 жылғы 29 наурыз сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

 freepik Кеше 2026, 22:21
Кеше 2026, 22:21
195
Фото: freepik

Ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 28 наурыз сағат 21:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 0-152 шақырым аралығында (Павлодар қаласы – Ресей Федерациясы шекарасы бағыты) барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылады, - делінген хабарламада.

Жол қозғалысын 2026 жылғы 29 наурыз сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Құзырлы органдар жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Наверх