Павлодар облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті

Бөлісу:
Павлодар облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті
Фото: baq.kz

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, төрт жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 шілдеде "Қалқаман-Керней" жол бағытымен келе жатқан "TOYOTA ALPHARD" жүргізушісі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып, "CHERY TIGGO 2PRO" көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасы төрт жолаушыны Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізді.

Көліктер айып тұрағына қойылды.

Полиция ЖКО бойынша тексеріс ашты.

Өзгелердің жаңалығы