Қайғылы оқиға 25 сәуірде Астана-Павлодар тасжолының 1207/142 шақырымында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25 сәуір сағат 15:30 шамасында Астана-Павлодар тасжолының 1207/142 шақырымында Екібастұз қаласы Бәйет ауылының маңында 47 жастағы Hyunday Solaris автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан.
ЖКО салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді ПД өкілі.