Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодар облысында жантүршігерлік апат: 4 жолаушы жарақаттанып, жүргізуші қаза тапты

6 Қазан 2025, 11:54
536
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Көлікте болған 4 жолаушы жарақаттанып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 қазан күні "Шарбақты – Сосновая" автожолының бойында, Орловка ауылынан шамамен 3 шақырым қашықтықта, Toyota Mark II маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған. Салдарынан көлік жол жиегіне аударылып кеткен. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда жүргізуші көлігімен дүкенді соққан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы