Павлодар облысында жаңа шектеу шаралары енгізілді

30 Желтоқсан 2020, 14:29
865
Бөлісу:
Павлодар облысында жаңа шектеу шаралары енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Ол 31 желтоқсанның түн ортасынан бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулыға сәйкес, үшінші тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етіледі. Бірақ сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспауы керек. Барлық мектептерде 1-4-сынып оқушылары қайтадан мектепке оралады. Ал бітіруші сыныптар аралас оқытуға көшеді: пәндердің 70 пайызын олар мектепте, қалғандары қашықтықтан оқиды. Екінші семестрден бастап штаттық оқуға колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері кіріседі, – деп жазады Pavlodarnews.kz.

Сонымен қатар, мешіттер мен шіркеулер қайтадан жұмыс істейді. Бірақ әлі де ұжымдық іс-шараларсыз және толымдылығы 30 пайыздан аспауы тиіс.

Сондай-ақ мұз корттарының қызметіне рұқсат берілді. Бұл ретте жабық корттарда бір келушіге кемінде бес шаршы метр мұз болуы тиіс, ал ашық корттарда кемінде екі метр қашықтықты сақтау қажет.

Осы қаулы 2020 жылғы 31 желтоқсанда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді, - делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында.

Өзгелердің жаңалығы