Павлодар облысында ядролық жанармай сақталуы мүмкін

24 Сәуір 2024, 15:02
400
Бөлісу:
Павлодар облысында ядролық жанармай сақталуы мүмкін

Ұлттық ядролық орталық Май ауданының Ақжар ауылында пайдаланылған ядролық жанармай сақтау орнын салмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қойма салу мәселесі қоғамдық тыңдауда талқыланды. Ақжар ауылынан 80 шақырымдық жерде пайда болуы мүмкін нысан "Байкал-1" зерттеу кешені пайдаланған реакторлы жанармайды сақтауға арналмақ.

Сарапшылардың айтуынша, қойма қоршаған ортаға қауіпсіз болады. Нысан жанармайды 50 жылға дейін сақтауға қауқарлы болмақ.

Біз ректордан байытылған жанармайды бөліп алдық. Реактор жұмысын қамтамасыз ететін сұйықтықтың құрамында цирконий өзегі мен уран жіптері бар. Бұл қалдықты тот баспайтын болат пеналдарына салдық. Кешенде кеңес дәуірінде пайдаланылған жанармай да бар. Оларды да осылай қаптадық. Әлемдік тәжірибе бойынша үш метрлік шахта типіндегі қойма қауіпсіз, ыңғайлы. Заттар жерге орналастырылып, бетонмен жабылады, - дейді орталықтың бас инженері Александр Коровиков.

Айта кетейік, орталықта арнайы қойма бар. Дегенмен, ұзақ мерзімге шақталмаған. Мамандар бұған дейін жанармайды халықаралық бағдарлама бойынша Ресейде сақтауды жоспарланған. Алайда, әзірге бұл мүмкін емес.

Бұл пікірмен жергілікті қоғам белсенділері келіспей отыр.

Жанармай - радиоактивті қалдық. Құжатта нысанның қандай санатқа жататыны, қуаттылығы мен ауқымы туралы ақпарат жоқ. Жарты ғасырдан соң жағдай қандай болады? Оны да білмейміз. Өңірде химиялық апат салдарынан жиналған сынап қалдықтары сақтаулы. Экологиялық кодекс бойынша ластанған жерлерді қалпына келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Есепте бұл туралы айтылмаған, - дейді эколог, "Эком" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Светлана Могилюк.

Жоспар мақұлданса, құрылыс осы жылы басталады.

Өзгелердің жаңалығы