Павлодар облысындағы алқаптардың бірінде граната табылды

28 Тамыз 2019, 15:12
1696
Бөлісу:
Павлодар облысындағы алқаптардың бірінде граната табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының Тереңкөл ауданында ауыл тұрғыны алқаптан граната тауып алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

"27 тамыз күні сағат 15:15-те Тереңкөл ауданының кезекші бөліміне Трофимовка ауылының 1986 жылы туған, комбайншы болып жұмыс жасайтын тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Ол ауылдан 200 метр қашықтықтағы алқаптан қол гранатасына ұқсас зат тауып алған. Жедел тергеу тобы және саперлер анықталған жерге барды. Тексеру жасалды. Қол гранатасы оқу-жаттығуға арналған болып шықты", - делінген ведомствоның хабарламасында.



Өзгелердің жаңалығы