Павлодар облысында тұрғын үй жылдағыдан 10 есеге көп салынады

15 Мамыр 2020, 10:42
1486
Бөлісу:
Павлодар облысында тұрғын үй жылдағыдан 10 есеге көп салынады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде тұрғын үй құрылысының жылдағы көрсеткіштері 10 есеге артпақ. Нәтижесінде кезекте тұрған азаматтар баспаналы болмақ.

Бүгінгі таңда жергілікті билік өкілдерінен тұрғындар тарапынан түсетін сауалдардың басым бөлігі пәтер кезегінде тұрған азаматтардан түседі. Кезек күткендерді тұрғын үй құрылысының қарқыны алаңдатады.

Қазіргі уақытта пәтер кезегінде шамамен 27 мың адам тұр. Жергілікті биліктің басты мақсаты - баспанаға зәру азаматтарды үймен қамту.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдан соң экономиканы қалыпқа келтірудің негізгі жолы ретінде қолжетімді баспананы атап өтті. Қазіргі уақытта "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасының іске қосылуын күтіп отырмыз. Яғни, аймақта тұрғын үймен қамту жоспары нақтыланатын болады. Осы жылы 2 207 тұрғынды үймен қамтымақпыз. Барлығы - кезекте тұрғандар. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10 есе артық, - дейді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Тұрғын үй құрылысы көмірлі өлке - Екібастұз қаласында қарқын алмақ. Биыл 11 нысанның құрылысы қызу жүріп жатыр. Нәтижесінде быр жылда 1000 пәтен қолданысқа беріледі. Кезекте әзірге 6 мыңнан астам екібастұздық тұр.

Айта кетейік, облыста төтенше жағдайдан соң экономика секторларын қалыпқа клетірудің кешенді жоспары іске асырыла бастады. Негізгі талап - мемлекет бюджетінің тиімді жұмсалуы. Бұл бағытта құрылыс жұмыстарының барысы төрт деңгей бойынша бақыланады. Нақтырақ айтқанда, мердігер ұйымдардың жұмысын мониторингтік топтар бақылайды. Сонымен қатар, оларға "экскроу-есепшот" ашу міндеттеледі. Осылайша, мемлекет қаржысы осы шоттан ғана аударылады.

Биылғы жылы аймақтың даму бюджеті 82,5 млрд теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылға қарағанда 1,2 есеге артық.

Өзгелердің жаңалығы