Павлодар облысының аумағында су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Павлодар облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының мәлімдеуінше, 14 гидропост орнатылып, Ертіс өзеніндегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
Қолданыстағы үйінділерді нығайту мақсатында 64350 тонна инертті материал құйылды, 5650 дана қапшық төселді, 13600 дана инертті материал салынған қап дайындалды. Қосымша 24808 метр үйінді тұрғызылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.