Павлодар облысында су тасқынын алдын алу айлығы басталды

9 Наурыз 2022, 18:00
1679
Бөлісу:
Павлодар облысында су тасқынын алдын алу айлығы басталды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде көктемгі су тасқынын алдын алу айлығы басталды. Қазіргі уақытта су басуы ықтимал ауылдық аймақтар қатаң бақылауға алынды.

Бірнеше күн бұрын ауа райы күрт жылығаннан кейін Май, Баянауыл аудандарының бірнеше елді мекеніне қауіп төнген. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабаралуынша, қазіргі уақытта жол қызметтері елді мекен маңындағы қорғаныс дамбылары мен құбырлардың жағдайы тексерілуде.

Үш күн бұрын жауын-шашын түсіп, ауа температурасы күрт көтерілді. Баянауыл ауданы Бірлік ауылындағы үй ауласы суға толып кетті. Жергілікті атқарушы билік және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қар суын сорып, судың үйге кіруін алдын алды. Сонымен қатар, жабындысы сегіз метр болатын жолдың үстімен су жүріп өтті. Төтенше жағдайлар қызметі көлемі 1400 текше метр болатын суды сорып алды. Су жиналу деректері Май ауданының Көктөбе ауылнында да анықталды. Жеке тұрғын үй аулаларын су басып кетті. Мамандар суды сорып, ағызып тастады, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Ақылбек Баяхметов. 

Мамандардың айтуынша, биылғы көктемде су басуы қаупі бар жаңа учаскелер анықталып жатыр. Мәселен, Май ауданындағы Саты және Ақшиман ауылдарының ортасындағы су бойында су жиналып қалған. 45 шақырымды жабындынының су астында қалуына жол берілмеді. 

Айта кетейік, өңірде жедел штаб құрылды. Әзірге жағдай тұрақты.

Өзгелердің жаңалығы