Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлім етті.
Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын насихаттау арқылы адами капиталды дамыту аса маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл бұқаралық спортқа 682 млн теңге қайта бөлінді. Жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша қазір облыста спорттың 17 түрі бойынша 315 топ, 157 секция жұмыс істейді, онда бүгінде 7 мыңға жуық бала айналысады. Бұл бастапқыда жоспарланған көрсеткіштен 3,5 есе артық, -деді ол.
Сонымен қатар әкім облыс тұрғындарының спорт инфрақұрылымына қолжетімділікті арттыратынын айтты.
Үш жылда кем дегенде 12 ірі объекті мен 20 алаң енгізілді. Мектеп стадиондарын кешенді абаттандыру жүргізілуде, олар спортпен айналысатындардың барлығына қолжетімді болады. Өңірде барлығы 3091 спорт ғимараты жұмыс істейді. Егер қазір облыс тұрғындарының үштен бірі спортпен тұрақты айналысса, 2025 жылға қарай жартысынан көбі шұғылданады, оның ішінде 40%-ы балалар мен жасөспірімдер болады, - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі.