Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыстан шыққан қызметкерлердің басым бөлігі өз еркі және еңбек тәртібін бұзғанына байланысты кеткен. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
Статистика департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2019 жылғы II тоқсанда облыстың ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдарға 9,1 мың адам жұмысқа қабылданды, әр түрлі себептер бойынша 9,3 мың адам жұмыстан шыққан. Тұрақтамау себептері бойынша 90 пайызы өз еркі және еңбек тәртібін бұзғанына және 1 пайызы персонал санының қысқартылуы мен кәсіпорынның таратуына байланысты жұмыстан кеткен.
Біліктілігінің жетіспеуі немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі және басқа себептер бойынша тоғыз пайызды құрады.
Облыс бойынша жұмыс күшін алмастыру коэффициентi 98,2% болды. Қабылдау бойынша айналым коэффициенті 6,3%, жұмыстан босатылу бойынша айналым коэффициенті – 6,4%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 5,7% құрады.
Оқи отырыңыз: