Павлодар облысында референдум күні 528 учаске жұмыс істейді

2 Маусым 2022, 18:12
1875
Бөлісу:
Павлодар облысында референдум күні 528 учаске жұмыс істейді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында республикалық референдум күні дауыс беру 528 учаскеде өтеді.

Референдум бойынша облыстық аумақтық комиссияның төрайымы Гүлнар Аманжолованың айтуынша, науқан барысында бір облыстық, 13 аумақтық және 528 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олардың құрамында 3500 адам болады.

Учаскелік комиссиялардың барлығы бекітілген кесте бойынша демалыссыз жұмыс істейді.  Азаматтар өз учаскелерін арнайы сайт пен колл-орталық арқылы біле алады. Дауыс беру күні өзін тізімнен таба алмаған жағдайда онлайн-сервистің көмегіне жүгіне алады. Осындай қызмет 225 учаскеде көрсетіледі деп жоспарланған.  Саяси науқан кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да қолайлы жағдай жасауымыз керек. Учаскелердің барлығы бірінші қабаттарда орналасқан. Көз мүгедектері үшін Брайль қарпі бойынша трафареттер қарастырылған, - дейді Гүлнар Аманжолова. 

Дауыс беру күні, сонымен қатар, инватакси қызметінің жұмысы ұйымдастырылады. Құлағы нашар еститін азаматтар үшін сурдаудармашы маманы көмектеседі деп күтілуде. 

Референдум комиссиясы бюллетеньдердің тиісті көлемін дайындап қойды. Республикалық шараға дайындық шеңберінде барлық комиссия мүшелері үшін семинар-тренингтер сияқты оқыту шаралары ұйымдастырылды. 

Өзгелердің жаңалығы