Павлодар облысында қыста жолдарды күтіп-ұстауға 1,5 млрд теңге бөлінді

22 Қазан 2022, 17:19
1181
Бөлісу:
Павлодар облысында қыста жолдарды күтіп-ұстауға 1,5 млрд  теңге бөлінді

Павлодар облысында жергілікті маңыздағы жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстауға 1 млрд 600 млн теңге бөлінді, деп хабарлайда аймақтағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының мәліметінше, қала көшелерін тазалықта ұстауға тоғыз мердігер ұйым жұмылдырылады. Ал аудан орталықтарында 93 кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазігі уақытта елді мекендерде қар тасымалдау полигондары анықталды. Техникалық сипаттамаларға сәйкес көлік жүретін жолдардың барлығы қардан тазартылатын болады. Тұрғындар тарапынан әдетте ақпан-наурыз айларында шағымдар көп түседі. Халықтың көңілінен шығу мақсатында жоспар әзірленіп, тиісті шаралар қолға алынады. Қыста жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдіктері мердігер ұйымдармен үш жылдық мерзімге келісімшартқа отыруы қажет, - дейді басқарма басшысы.

Ал аудандық маңыздағы 2 800 шақырымды күтіп-ұстау мақсатында 570 млн  теңге қарастырылған. Айта кетейік, аймақ аумағында қар басып қалатын 160 учаске бар. олардың жалпы ұзындығы 400 мң шақырымнан асады. Бұл учаскелер салалық мекемелердің жіті бақылауында. 

Биылғы қыста облыс орталығының көшелерін тазалықта ұстау міндеті екі кәсіпорынға жүктелді. Көшелерді қардан тазартуға 200 техника жұмылдырылмақ. Жауын-шашын көп түскенде аула тазалаушылар санын арттыруға да мүкіндік бар. 

Өзгелердің жаңалығы