Күдіктілер алаяқтық, тонау, бопсалау, ұрлық және басқа да қылмыстар үшін ұзақ уақыт іздестірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқықбұзушыларды іздеу тек ел ішінде жедел іс-шаралар өткізумен шектелмейді. Іздестіру елден тыс жерлерде де жүзеге асырылады.
Үйлестірілген қызмет және 2024 жылдың өткен кезеңінде шетелдік юрисдикциялардағы халықаралық әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде Германия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты мемлекеттердің аумағында 15 қылмыскер анықталды, – деді департамент өкілі.
Мәліметке сүйенсек, қылмыс жасағаны үшін қашқындар сот алдында жауап береді.