Павлодар облысында қараусыз жайылып жүрген мал иелері жауапқа тартылды

14 Тамыз 2023, 16:44
710
Бөлісу:
Павлодар облысында қараусыз жайылып жүрген мал иелері жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында қараусыз жайылып жүрген мал иелері жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

“Полицияның қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасының басты міндеттерінің бірі – халыққа сервистік қызмет көрсету.

Екібастұз өңірінде жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін 1318 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, осы бұзушылық үшін Шідерті кентінің тұрғындары жазаланды. Ауылдың 43 жастағы тұрғыны жылқыларды жайылымға жіберіп, қараусыз қалдырды.

Жылқылар Абай көшесімен кент бойынша кезіп жүрген, тұрғындар полицияға хабарласып, жануарлардың егіндерді таптап, көшелерді ластағанын, көшеде жүру мүмкін еместігін хабарлады.

Тағы бір жағдайда, ауыл тұрғындары бірнеше күн бойы ауылда жүрген екі жылқы туралы хабарлады.

Тәртіп сақшылары бұл жылқыларды тиісті көлік құралымен Шідерті кентінің әкімдігімен анықталған иесіз малды уақытша ұстау туралы шарт жасалған жақын маңдағы шаруа қожалығындағы жануарларға арналған арнайы тұраққа тасымалдады.

Жылқылардың иесі анықталды. Ол ауылдың 59 жастағы тұрғыны болып шықты.

Екі жағдайда да ауыл тұрғындарына ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша хаттама толтырылып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.Полицейлер осындай профилактикалық іс-шараларды күн сайын өткізеді. Полиция ведомствосында мал иелерін тиісті бақылаудың болмауы мал ұрлығына да әкеп соғуы мүмкін, ұрлықтың басты себебі – малды қараусыз қалдыру , – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Өзгелердің жаңалығы