Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында пәтер тонау 50,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров айтты.
2020 жылдың бес айында өңірде қылмыс саны 26,5 пайызға, оның ішінде қарақшылық 27,3 пайызға, тонау 31,1 пайызға, ұрлық 48,6 пайызға азайған. Пәтерлерді тонау 50,3 пайызға, ұялы телефондар ұрлығы 55,6 пайызға, мал ұрлығы 31,1%-ға және түрлі бұзақылық 39%-ға кеміді. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс 39,9%-ға төмендеген. Оның ішінде көшеде жасалатын қылмыс деңгейі 52,8%-ға қысқарды, - дейді Жасқайрат Қайыров.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен мониторинг жүргізілді. 750 отбасынан жанжал туралы жиі қоңырау түсетін. Олар құқық бұзуға жақын топқа жатады. Күн сайын алкоголь өнімдерін сатуды анықтауға қатысты мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері 142 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде үш адам алкоголь сусындарын сату үшін лицензиясынан айырылды. Қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкені үшін 3600 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылған. Алкоголь мен есірткіден айықтыру үшін мәжбүрлі түрде 126 адам наркологиялық диспансерге жіберілді, - деп мәлім етті Жасқайрат Қайыров.