Павлодар облысында өрттен 11 жасар бала қайтыс болды

12 Мамыр 2023, 01:28
585
Бөлісу:
Павлодар облысында өрттен 11 жасар бала қайтыс болды
Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысының Галицкое ауылында үй өртеніп, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт 11 мамырға қараған түні басталған. Хабарлама 101 пультіне 02:00-03:00 аралығында түсті. Өрттің жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрады. Үйден өз бетінше 4 адам эвакуацияланды.

37 жастағы үй иесі Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды.

Өрт сағат 04:40-та сөндірілді. Бір сағаттан кейін үй конструкцияларын бөлшектеу және су құю кезінде дәлізден жасөспірімнің денесі табылды.

Өзгелердің жаңалығы