Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әр топ мүшесі белгілі жұмысты атқарды, яғни рөлі болды: бірі ұрылар, екіншісі сатушылар, қажетті құжаттарды жинағандардар бар, сонымен қатар топ құрамына ветеринарлар да кірді. Қазіргі уақытта қылмыстық топқа бірқатар мал ұрлығы мен оны сату бойынша айып тағылды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция күдіктілердің Екібастұз қаласында ұсталғанын атап өтті.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар Екібастұз қаласының УҰИ-не қамалды.
Оқи отырыңыз: